Список статей
«Асыл ана»

Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейірімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен деп

6 наурыз күні «Айналайын» шағын-орталығының «Қарлығаш» тобында «Асыл ана» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте балалар  қазақ, орыс,  ағылшын тілінде аналарына арнап ана туралы әндер, тақпақтар айтты. Ертеңгілікке көңілді көктем келіп, балалармен және ата-аналармен ойындар ойнап, балаларды таңқалдырды. Көктем ханшайымы балалармен би биледі. Қыздар аналарын сәндеді. Мереке соңында балалар аналарына қолдан жасаған сыйлықтарын табыс етті. Ата – аналар өз алғыстарын айтып, келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Автор: Дүйсенбі Н
Просмотров: 70
Дата создания: 12 Марта 2018 г.
Дата редактирования: 12 Марта 2018 г.
www.egov.kz
Опрос